Тоқаевты Сеулде қалай қарсы алды – фоторепортаж

Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Kursiv.media Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.


Ең алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мён бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.


Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мённың шақыруымен Сеулде мемлекеттік сапармен жүр.




Бұған дейін Қазақстан Президенті Корея Республикасының Премьер-министрімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымын екі есеге арттыру ұсынылды.


Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы отыз жылда Астана мен Сеул өзара құрметке, сенімге және шынайы достыққа негізделген берік қарым-қатынас қалыптастырғанын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяны Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі деп атады.

Сондай-ақ Тоқаев Кореяны Қазақстанда бейбіт атом энергетикасын дамытуға шақырды.
