Түркістан облысында көліктер жүйіткіген жолда сальто жасаған жігіт ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Түркістан облысында жолдың дәл ортасында қауіпті әрекет – сальто жасап жүрген жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Полиция мәліметінше, бейнеролик әлеуметтік желілерге тарады.

«Бір қарағанда қарапайым контент сияқты көрінгенімен, оның әрекеті жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірген. Аталған бейнеролик Сарыағаш аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің назарына ілікті», – делінген ақпаратта.

Полицейлер әлеуметтік желідегі жазбаны зерделеп, бейнероликтегі азаматтың жеке басын анықтаған. Ол Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты заңнамаға сәйкес шара қолданып, оның автокөлігін айыптұраққа қойды.

Мұның алдында Шымкент орталығында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз