Туристен қатысушыға дейін: шетелдіктер көшпелі мәдениетке неге қызығады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: KursivMedia, Бақдәулет Патық

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жүзден аса елден спортшылар мен жанкүйерлер қатысты. Ойындарға барған KursivMedia түсірілім тобы туристермен сөйлесіп, көшпелі мәдениет туралы ойын білді.

Ойындар басталған күні Африка елдерінен келген спортшылар бірден көзімізге түсті. Олардың дені қол күресі (arm wrestling) мен күреске қатысады. Сұқбаттасушымыз бұл ойынға деген қызығушылығы артқан соң видео арқылы дайындалған. Содан кейін Көшпенділер ойындарына қатысамын деп шешкен. 

«Өзім бұрыннан күреспен айналысамын, жаттығу үшін арнайы видео көріп жүрдім. Балалардың ат үстіндегі ойындарын, қол күресін және түрлі интеллектуалдық ойындарды көргенмін. Өзімді сынап көруге мүмкіндік берілгенде, күресті таңдадым», – дейді ол.

Қазақстан туралы сұрағанымызда, спортшыларды білетінін айтты. 

«ММА-да осы өңірден шыққан бірнеше спортшы бар. Қазақстанды сол арқылы танимын. Осы жерден шыққан спортшылардың қалай чемпион болғанын, олардың жетістікке жетуіне не әсер еткенін білгім келеді. Халық мәдениетін, өмір салтын түсіну арқылы қалай чемпион атанғанын да түсінуге болатын шығар», – дейді қатысушы.

Туристен спортшыға дейін

Мемлекеттік туымен түстес киінген бразилиялықтар көпшілік назарын бірден өзіне аударып жүрді. Оңтүстік Америкадан Орталық Азияға дейін келгендерден қызығушылықтың қалай туғанын сұрадық.

Айтуынша, 2024 жылы өткен көшпенділер ойындарына Астанаға турист болып барған. Содан кейін қатысушы болу жолдарын іздеген. Артынша команда құрып, арқан тартысқа қатысатын болған. Олар мұны бір жағынан бағын сынап көру, екінші жағынан саяхаттау дейді.

Толығырық Kursiv Media KZ YouTube каналында шыққан арнайы репортаждан көріңіз.

Сондай-ақ оқыңыз