Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Air Astana
фото: Air Astana

Air Astana әуекомпаниясы Біріккен Араб Әмірліктеріне тоқтатылған тұрақты рейстерді қалпына келтірмекші. 2026 жылдың қазанынан бастап қайта ұша бастайды деп хабарлайды Kursiv Media компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бекітілген жоспарға сәйкес, Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша ұшақтар 1 қазаннан бастап қатынай бастайды. Бастапқыда аптасына 4 рейс қарастырылса, айдың соңына дейін ұшу жиілігі аптасына 12 рейске дейін көбейеді.

Ал Астана – Дубай – Астана бағыты 2 қазаннан бастап қайта ашылады. Бұл бағытта қатынайтын рейстер саны бастапқы аптадағы 3 рейстен қазан айының аяғында аптасына 10 рейске дейін артады.

Әуекомпания Таяу Шығыстағы қалыптасқан жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын хабарлады. Жағдайға байланысты ұшу кестесіне түзетулер енгізілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қазанда ұшақтарда интернет пайда болады

Сондай-ақ оқыңыз