Bek Air қожайыны Нұрлан Жұмасұлтанов қамауға алынды – БАҚ

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock

Алматыда қызметі тоқтатылған Bek Air әуе компаниясының иесі Нұрлан Жұмасұлтанов ұсталды деген ақпарат тарады. Ол Fokker 100 қозғалтқыштарының бірін ұрлауға қатысы бар деген күдікке ілінген. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram каналында жазды.

Журналистің хабарлауынша, Bek Air компаниясының бұрынғы иесі Нұрлан Жұмасұлтанов 9 қыркүйекте жауап алудан кейін ұсталған. Сот оны екі айға қамау туралы санкция берген. 

Жұмасұлтанов қылмыстық кодекстің 188-бабының 4-бөлігі – аса ірі мөлшерде ұрлық жасау бойынша күдікті деп танылған.

Қылмыстық іс Алматы әуежайының аумағында сақталған Fokker 100 ұшағына арналған екі қозғалтқыштың жоғалуына байланысты қозғалған. 

Ұшақ апаты

2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан елордаға ұшып шыққан әуе кемесі аспанға көтерілу кезінде әуежайдың бетон қоршауына, кейін бірнеше метр қашықтықта орналасқан жеке тұрғын үйге соғылды. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Салдарынан 69 адам жарақат алып, 12 адам қаза тапты.

Ұшақ апатына байланысты тергеу бес жылға созылды. Тергеушілер апатқа ұшақты басқарған екі ұшқыш кінәлі деп, оларға әуе көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқты деген айып тағылды.

Сондай-ақ оқыңыз