Грузия рұқсатсыз жұмыс істеген қазақстандықтарды елден шығара бастайды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Грузия рұқсатсыз жұмыс істеген қазақстандықтарды елден шығара бастайды / Фото: Shutterstock

Грузия шетелдіктер үшін еңбек ережелерін қатаңдатып, заңсыз жұмыс істегендерге депортация жасау, айыппұл салу немесе елге кіруге бес жылға тыйым салу шараларын енгізді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, шектеулер 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

СІМ қазақстандықтар үшін Грузияға кіру және онда болудың 365 күндік визасыз режимі сақталатынын атап өтті. Алайда бұл режим жұмыс істеуге құқық бермейді.

Грузияда заңсыз еңбек еткені үшін қандай жаза қарастырылған?

  • Әкімшілік айыппұл;
  • Елге кіруге 2 жылдан 5 жылға дейін тыйым салу;
  • Елден шығарып жіберу (депортация).

«Осыған байланысты Грузияда жұмысқа орналасуды, кәсіпкерлік немесе басқа да ақы төленетін қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына мұндай қызметті бастамас бұрын грузин заңнамасында көзделген жұмыс істеу құқығының бар екеніне көз жеткізу қатаң ұсынылады», – деп ескертті Сыртқы істер министрлігі.

Министрлік қазақстандықтарды Грузия заңдары мен көші-қон ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ айыппұл салуға, елден шығарып жіберуге және кейіннен кіруге шектеу қоюға әкеп соқтыратын бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін СІМ АҚШ-та заңды мәртебесіз ұзақ жыл тұрған азаматша туралы ақпарат берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз