Непалдағы апатта жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады – СІМ

Жарияланды
Фото: Shutterstock

Қытай мен Непал шекарасында болған апат аймағында үш қазақстандық азаматпен байланыс үзілген. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

«Қазіргі таңда Қытай мен Непал шекарасында орналасқан апат аумағында біздің үш азаматымыз хабар-ошарсыз кеткен. Өкінішке қарай, әзірге олар туралы ешқандай жаңалық жоқ», – деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанның дипломатиялық қызметкерлері жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Үш азаматты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Олардың отбасыларымен байланыс орнатылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», – деді ресми өкіл министрліктегі брифингте.

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың саны үш адамға жеткенін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз