Қазақстанда алғаш рет Apple TV сервисі іске қосылады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстанда алғаш рет Apple TV сервисі іске қосылады
Қазақстанда алғаш рет Apple TV сервисі іске қосылады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Apple компаниясы Қазақстанда Apple TV сервисін толыққанды іске қосуды жоспарлап отыр. Енді қазақстандық пайдаланушылар Apple-дің төл фильмдері мен сериалдарын небәрі 499 теңге төлеп көре алады, деп жазады Kursiv.Media.

Apple TV сервисі Apple Arcade-пен бірге iCloud+ тарифінің ішіне қосылғандықтан оған бөлек төлеудің қажеті жоқ.

Ал iCloud+ қызметінің ең арзан тарифі айына 499 теңге тұрады. Бұл сомаға пайдаланушыға бірден үш сервис қолжетімді болады: iCloud-тан 50 ГБ, Apple TV және Apple Arcade.

Сонымен бірге Family Sharing (Отбасылық қолжетімділік) функциясы арқылы жазылымға тағы бес отбасы мүшесін қосуға болады.

Apple Arcade Қазақстанда бұрыннан қолжетімді, ал толыққанды Apple TV елімізде алғаш рет іске қосылып отыр. Енді пайдаланушылар Apple-дің төл фильмдері мен сериалдарын тамашалай алады.

Сервистің нақты қашан ашылатыны әлі белгісіз. Дегенмен Apple сайтында «Жуырда» деп жазылып тұр.

Сондай-ақ оқыңыз