Түркістан облысында жоқ малға 100 млн теңгеден аса субсидия бөлінген

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock

Түркістан облысында мемлекеттік субсидияны жымқырды деген күдікке ілінген қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Келтірілген залалдың жалпы көлемі — 103 млн теңге. Күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды, деп хабарлайды KursivMedia.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, заңсыз схеманы іске асыру 4 жеке кәсіпкерлік, «Нұр-Келес» ЖШС және «Бимен С.» ЖШС пайдаланылған.

Сол арқылы ақпараттық жүйеге ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу мен олардың қолда бары туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізілген. Жалған мәлімет негізінде субсидия алуға электрондық өтінім берілген.

Бюджеттен алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген және жеке мақсаттарына жұмсалған.

Сот санкциясымен күдіктілердің 2 тұрғын үй, 4 автокөлік, автотұрақ орны және жер теліміне тыйым салынды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттен бөлінген қаржыны заңсыз алған деген күдікке ілінген әйел Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды.

Сондай-ақ оқыңыз