Заңды мәртебесіз ұзақ жыл тұрған: СІМ АҚШ-та ұсталған қазақ қызы жайлы айтты

Жарияланды
МИД подтвердил смерть пропавшего в США казахстанца Асета Куралбая
Фото: СІМ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов ведомстводағы брифинг барысында АҚШ-та ұсталған қазақ қызы жайлы тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

«Бұл жерде де қысқаша жауап беремін. Өйткені азаматымызға қатысты оның өзі жариялағысы келмеуі мүмкін қосымша ақпаратты жария еткіміз келмейді. Оның АҚШ-та заңды миграциялық мәртебесі жоқ. Соған қарамастан, ол бұл елде бірнеше жыл бойы ұзақ уақыт тұрған», – деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі таңда оның заңды құқықтарын қорғау үшін адвокат жалданды.

«Сонымен қатар консулдық қызметкерлеріміз оның отбасымен байланыс орнатты. Жағдай қандай да бір жолмен оң шешімін табады деп үміттенеміз. Біздің бұл жағдайдағы басты міндетіміз – қиын жағдайға тап болған азаматымызға қажетті көмек көрсету»,- дейді ресми өкіл.

АҚШ-тың Иммиграция және кеден қызметінің (ICE) қызметкерлері Әлия есімді қазақ азаматшасын 12 қыркүйекте ұстаған.

Сондай-ақ оқыңыз