«Жүк түскендей болды»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі үкімге пікір білдірді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Нұрсұлтан Жақсыген сотталды/фото: YouTube

Сот залында қамауға алынған әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Сабырәлиева үкімге пікір білдірді, деп хабарлайды KursivMedia.

«Үкім шықты. Өзімнің намысым қорғалып, ақталып шыққаныма қуанып тұрмын. Өйткені жала жабылған болатын. Үстімнен ауыр жүк түскендей болды, кішкене жеңілдеп қалдым», – деді Фариза Сабырәлиева.

Нұрсұлтан Жақсыген онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Әзілкеш бұрынғы әйелі Фаризаның Сабырәлиеваны әлеуметтік желіде балағаттап, түрлі өсек-аяң таратқан. Нұрсұлтанның өзі әйелін сөзбен түйреп, stories-ке салып отырды. Шоумен әйеліне ауыр сөздер айтып, өзінен туған балаларына көмектеспейтінен бөлек, бұрынғы қайын жұртына да жиі тіл тигізген. Енді осы әрекеті үшін моральдық шығын ретінде әйелге 5 млн теңге төлеуге міндетті.

Сондай-ақ оқыңыз