Akon мен Ne-Yo Бішкекте концерт береді
Жарияланды

18 қыркүйекте Бішкекте Akon қатысуымен ауқымды концерт өтеді деп хабарлайды Kursiv Media.
Akon-нан бөлек Ne-Yo және Busta Rhymes та өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көрермендерді әлемдік хиттер мен ауқымды шоу күтіп тұр.
Концерттік бағдарлама кешкі сағат 19:00-де басталады. билет бағасы орындардың орналасуына қарай 5 500 сомнан ( 31 625 теңге) жоғары. Fanzone сахна алды аймағы 11 000 сом ( 63 250 теңге), ал ең жоғары санаттағы VIP Standing орындары 19 000 сомға ( 109 250 теңгеге) дейін барады.
Kaktus Media жазуынша, Akon Бішкекке 17 қыркүйекте таңертең келген. Оны «Манас» әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.
Оқи отырыңыз: «Бішкек Аренадан» үлкен: Өзбекстан 100 млн долларға еңселі стадион салып жатыр