Алматыда Ratovich пен Ne Prosto Orchestra өнерін тегін тамашалауға болады

Жарияланды 17 Қыркүйек 2026 13:09

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
фото: KursivMedia

Алматыдағы Абай алаңында 19 қыркүйекте концерт өтеді. Қала күніне арналған концертте Ne Prosto Orchestra мен Ratovich өнер көрсетеді.

Танымал қазақстандық пианист әрі композитор Ratovich (Темірлан Бейсенбай) концерт барысында Michael Jackson, Sting, Ed Sheeran, Modern Talking, ABBA, Валерий Меладзе және Батырхан Шүкенов сияқты танымал орындаушылар мен музыкалық топтардың шығармаларын орындайды.

Пианистің өнерін тамашалау үшін Абай алаңына сағат 18:30-ден кешікпей келу керек. 

Ал Ne Prosto Orchestra дирижері – маэстро Мадияр Тойболды. Оркестр танымал шығармаларды симфониялық нұсқада орындайды. Оның ішінде Роза Рымбаева мен «Дос-Мұқасан» тобының Алматы туралы танымал әндері де шырқалады.

Оркестр ашық аспан астында өнер көрсетеді. Басталуы – 19:00.

Айта кетейік, Алматыда жыл сайын қыркүйекте Қала күні кең көлемде тойланады. Мерекеге орай қала әкімдігі алматылықтар мен шаһар қонақтарына арнап түрлі форматтағы мәдени, спорттық және ойын-сауық шараларын ұйымдастырады. Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз