Бақытжан Базарбек қағып кеткен ер адам ауруханадан шықты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Ер адам аураханадан шықты/фото: Instagram

Бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қағып кеткен ер адам аяққа тұрып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Көпшілік денсаулығына алаңдаған Нұржігіт Қошановтың видеосын Бақытжан Базарбектің өзі жариялады. 

«Нұржігітті Тараз қаласының қалалық көпбейінді ауруханасынан шығардық», – деп жазды бұрынғы депутат. 

Науқасты аурухананың дәрігерлері шығарып салған. Нұржігіт Қошанов өзіне жәрдем көрсеткен мамандарға алғыс айтты.

2026 жылдың тамызында Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында Бақытжан Базарбек жол апатына тап болды. Оқиға салдарынан 36 жастағы жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз