Нигерияда 39 оқушыны ұрлады деген күдікпен бес адам сот алдына шықты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Нигерияда 39 оқушыны ұрлады деген күдікпен бес адам сот алдына шықты / Фото: Shutterstock

Нигерияда 39 оқушы мен жеті мұғалімді ұрлады деген күдікке ілінген бес адамның соты басталды, деп хабарлайды Кursiv.Media. Олар елдің оңтүстік-батысындағы Ойо штатында мектепке шабуыл жасады деп айыпталып отыр.

Reuters ақпаратына сүйенсек, Махмуд Мухаммад, Абубакар Аббас, Абдулразак Умар, Юнуса Муса және Шамсу Сани терроризмге қатысты жеті бап бойынша өз кінәсін мойындамады.

Тергеу мәліметінше, 15 мамырда қарулы адамдар мектепке басып кіріп, оқушылар мен мұғалімдерді орманға алып кеткен. Ұрланғандар онда 56 күн болған.

Шілдеде 39 оқушы мен алты мұғалімнің босатылғаны хабарланды. Құтқару операциясы кезінде бір мұғалім қаза тауып, бірнеше қауіпсіздік қызметкері жараланған.

Айыпталушылар кінәлі деп танылса, 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер адам өліміне қатысы дәлелденсе, Нигерия заңнамасы өлім жазасын да қарастырады.

Сондай-ақ оқыңыз