Қазақстанда жол бойын жасанды интеллект бақылайды

Қазақстанда жол бойын жасанды интеллект бақылайды. Соңғы дерек бойынша, 661 мың адам жылдамдықты асырғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Kursiv.media.
24.kz ақпаратынша, бұл – тек қана ақылы жолдардағы жағдай. Астанадан шығатын күре жолдарға ақылды камералар орнатылып жатыр. Бейнебақылау артық-ауыс қозғалысты қалт жібермейді. Шығыны да аз. Күн мен желден қуат алады. Ең бастысы, жол бойына шыққан көлікті жолдың аяғына дейін көзден таса қылмайды. Бұл қауіпсіздік үшін аса қажет.
«Осы жүйе диспетчерлерге сигнал береді. Осындай километрде, әрбір километр бойынша орнатылған камерада осы арақашықтықта инцидент бар деген сияқты. Мысалы, жануар жолға шығып кетті деп диспетчерге синал береді де, диспетчер соған әрекет жасайды. Мысалы, біздің қызметкерлерге сол ақпаратты жібереді де, олар сол малды, жануарды жолдан шығаруға әрекет жасайды», – дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының бас талдаушысы Ниязбек Ахметов.
Мұның алдында «ҚазАвтоЖол» Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында тоқтаған көлік апаттық жағдай тудырғанын хабарлап, жүргізушілерге ескерту жасады.