Қазақстанға Трамп келе ме: АҚШ консулы пікір білдірді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстанға Трамп келе ме: АҚШ консулы пікір білдірді / Фото: Ақорда

АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Питер Кауфман Америка президенті Дональд Трамп Қазақстанға сапармен келеді деп үміттенетінін айтты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Дипломаттың БАҚ өкілдерімен кездесуі кезінде журналистер Кауфманнан Ақ үй басшысы Қазақстанға келу туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабылдаған-қабылдамағанын сұрады.

«Үміттенемін. Біздің қарым-қатынасымыз бұрын-соңды мұндай берік болған емес. Тоқаев пен Трамп жиі сөйлеседі. Олардың арасында өте берік байланыс қалыптасты. Меніңше, бұл қазір екі ел қарым-қатынасында болып жатқан ерекше әрі бұрын-соңды болмаған динамиканы көрсетеді», – деді АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Қазақстанға келуге 2025 жылғы 23 желтоқсанда және 2026 жылғы 10 шілдеде өткен телефон сөйлесулері кезінде шақырған.

Өз кезегінде Трамп Тоқаевты Майамидегі G20 саммитіне шақырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз