Семейде тікелей эфирде балағат сөздер айтқан әйел бес күнге қамалды

Семей қаласының 53 жастағы тұрғынын TikTok желісінде тікелей эфирде көрсеткен әдепсіз мінез-құлқы үшін жауапқа тартылды. Сот оған әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Абай облысы полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында боғауыз айтылған тікелей эфирді анықтаған. Эфир барысында әйел алкогольді шөлмектен ішіп, желі пайдаланушыларына құрметсіздік танытқан.
Тікелей эфирді 12 мыңға жуық адам қарап отырған. Полиция қызметкерлері стримердің жеке басын тез арада анықтады. Ол 53 жастағы Мадина Баяхметова болып шықты.
Сот әйелді «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Ведомство өкілдері әлеуметтік желілердің қоғамдық кеңістік болып табылатынын еске салды. Эфирде балағат сөздер айту мен деструктивті мінез-құлық заң бойынша нақты жауапкершілікке әкеп соғады.
Бұған дейін Мәңгілік ел монументінің жанында балағат ән айтқан шетелдікке айыппұл салынған еді.