Үкімет Құрылтайға бюджет бойынша алдағы 2 жылға қандай болжам ұсынды

Жарияланды 17 Қыркүйек 2026 10:48

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған даму болжамын таныстырды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

«Халықаралық валюта қорының шілде айында жаңартылған болжамына сәйкес, 2027 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,4% болады деп күтілуде. Бұл ретте халықаралық ұйымдар мен жаһандық инвестициялық банктер мұнай бағасына қатысты болжамдарын қайта қараған. Консенсус-болжам бойынша 2027 жылы мұнайдың орташа бағасы барреліне 70,3 АҚШ долларына дейін төмендеген», – деді Әмрин.

Осы факторларды ескере отырып, Қазақстанның базалық даму сценарийінде мұнай бағасы барреліне 70 АҚШ доллары деңгейінде алынған.

Экономикалық өсім 5%-дан асады

Бірінші вице-министр атағандай, сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасының өсімі жалғасады деп болжанып отыр.

«Базалық сценарий бойынша 2027–2029 жылдары жалпы ішкі өнімнің нақты орташа жылдық өсімі 5%-дан жоғары болады. Номиналды ЖІӨ 2027 жылғы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін ұлғаяды деп күтілуде. Экономикалық өсімнің негізгі көздерінің бірі өңдеу өнеркәсібі болады. Оның өсім қарқыны тау-кен өнеркәсібінен жоғары деңгейде қалыптасады деп болжануда. Өңдеу секторындағы өсімге металлургия, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, химия және тамақ өнеркәсібі үлес қосады. Ауыл шаруашылығы да экономиканың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қарастырылып отыр. Саладағы орташа жылдық өсім кемінде 5% деңгейінде болады деп болжанып отыр», –  деді ол.

Құрылыс саласында өсім қарқыны 2027 жылғы 16%-дан 2029 жылы 17,3%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл көлік-логистикалық, энергетикалық және су инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асырумен, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртумен байланысты.

Қызмет көрсету саласы да өседі

Қызмет көрсету секторында да тұрақты өсім сақталады деп күтілуде.

Болжам бойынша:

  • сауда жылына орта есеппен 5,7%-ға;
  • көлік және қоймалау 10,4%-ға;
  • ақпарат және байланыс саласы 9,2%-ға өседі.

Қазақстанның оң сауда балансы да сақталады. Тауарлар экспорты 2027 жылғы 82,8 млрд АҚШ долларынан 2029 жылы 88,5 млрд долларға дейін өседі деп болжануда. Импорт көлемі осы кезеңде 80,5 млрд доллардан 88,4 млрд долларға дейін ұлғаяды.

Инфляция 6–9,5% аралығында болжанған

Инфляция бойынша 2027 жылға арналған болжамды дәліз 7,5–9,5% деңгейінде белгіленген. 2028–2029 жылдары инфляция 6–8% аралығында болады деп күтілуде.

2027–2029 жылдарға арналған бюджет болжамы

Макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамы қалыптастырылған.

Бюджет параметрлері 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында белгіленген бюджет қағидалары мен нысаналы бағдарларға сүйеніп әзірленді.

Республикалық бюджет кірістерін болжау кезінде өткен жылдың нақты атқарылған көрсеткіштері және ағымдағы жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша бағалау базасы ескерілді.

Тағы да оқыңыз: 2025 жылы майнинг саласынан бюджетке 22,4 млрд теңге салық түсті

Сондай-ақ оқыңыз