Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жарияланды

Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Kursiv Media облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін ол Сәтбаев қаласын басқарған.
Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген. Әр жылдары «Қазақмыс» корпорациясы жүйесінде еңбек етіп, №1, №2 және №3 Жезқазған байыту фабрикаларын басқарған.
Ол Жезқазған қаласының әкімі лауазымында 2022 жылдан бері шаһарды басқарған Қайрат Шайжановтың орнына келді. Шайжанов өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеген.