Жылқы етінен жасалған стейк поляктарды наразылық шеруіне шығарды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Польшаның Катовице қаласында 2026 жылғы 10 шілдеде ашылған Tatarland мейрамханасына қатысты дау басылмай тұр, деп хабарлайды Kursiv.media.

Польша БАҚ-тарының мәліметінше, стейк пен тартарға маманданған түркі мейрамханасының мәзіріне жылқы етінен жасалған тағамдар қосылған. Бұдан бөлек, сиыр, бұғы, елік және муфлон етінен жасалған тартарлар да бар.

Бұған жергілікті жануарларды қорғаушылар наразылық білдіруде.

Белсенділер жылқыларды «серік жануарлар» ретінде заң жүзінде тануды және олардың етін сатуға толық тыйым салуды талап етуде. Олар мейрамхана алдына плакаттар мен дауыс зорайтқыштармен шығып, наразылық акцияларын тұрақты түрде өткізіп жүр. Оқиға орнына полиция бірнеше рет шақырылған.

Google Maps-те мейрамхана жайлы теріс пікірлер көбейген. Дегенмен, наразылықтың арқасында бұл орын туралы білген кейбір келушілер керісінше мейрамхананы қолдап, жылқы етінен жасалған тағамдарды арнайы көруге ниетті екенін жазған.

Ал Қазақстанда жылқы етін сырттан әкелу көлемі екі есе артты. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша елге 3,8 мың тонна жылқы еті әкелінген.

Сондай-ақ оқыңыз