15 кітап оқығанға – он миллион теңге

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстанда 15 кітап оқыған 10 адам он миллион теңге сыйақы алу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Жылдың он оқырманы» жобасы аясында басталған жалпы ұлттық кітап оқу марафоны пилоттық негізде Қарағанды, Қостанай облыстары және Шымкент қаласында басталып, марафонға 180 мыңнан астам адам қатысқан.

«Биыл кітап оқу марафонын тұтас ел аумағында өткізгелі жатырмыз. Оған оқушылар мен студенттер, педагогтар мен мемлекеттік қызметшілер, отбасылар мен зиялы қауым өкілдері, яғни кез келген оқырман қатыса алады. Қоғамның кітап оқуға ықыласы зор екені қуантады», – деді министр.

Арман Қырықбаевтың сөзіне қарағанда, 1-қыркүйектен бері Reading Nation. kz платформасында 1 миллионнан астам ел азаматы тіркелген. Марафон аясында әрбір қатысушы өз санаты бойынша, 15 кітап оқып, интеллектуалды сайыстарда білімін сынайды. Марафон алты айға созылмақ.

«Келесі жылдың наурыз айында аудандық, қалалық және облыстық деңгейде 4 мыңға жуық жүлдегер қаржылай сыйақыға ие болады. Ал республикалық кезеңде жылдың он оқырманы анықталып, 23-сәуір, яғни ұлттық кітап күні олардың әрқайсысы он миллион теңгемен марапатталатын болады», – деді министр.

Айта кететін жайт, президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойған еді.

Сондай-ақ оқыңыз