Әзімова, Әбдіров пен Смайылов атқарып отырған қызметтеріне қайта тағайындалды
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эльвира Әзімова, Нұрлан Әбдіров пен Әлихан Смайыловты атқарып отырған қызметтеріне қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Осылайша Эльвира Әзімова Конституциялық сот төрағасы, Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы төрағасы қызметінде қалды.
Ал Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны әрі қарай басқара береді.
Айта кетейік, Эльвира Әзімова Конституциялық сотты 2023 жылдан бері басқарып келеді. Ал Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы төрағасы қызметіне 2022 жылы тағайындалды.
Бір кездері Үкіметті басқарған Әлихан Смайылов 2024 жылы Жоғары аудиторлық палата төрағасы болды.