Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кіру тәртібі өзгереді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Медеу мен Шымбұлаққа кіру тәртібі өзгереді/фото: Kursiv Media архиві

Алматыда «Медеу» және «Шымбұлаққа» кіру тәртібі өзгереді. Қала әкімдігінің хабарлауынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кей көлікпен кіруге шектеу қойылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Жаңа тәртіп бойынша іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады. Электромобильдер жұмыс күндері аумаққа кіре алады, ал демалыс және мереке күндері оларға да шектеу қолданылады», – делінген ақпаратта.

Өзгерістің негізгі мақсаты – аумақтағы көлік жүктемесін азайтып, табиғи ортаны қорғау. Бақылау-өткізу пункті арқылы тәулігіне шамамен 700 көлік өтеді. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында 179 мыңнан астам көлік өткені тіркелген.

Айта кетейік, Шымбұлақтағы аспалы жолдар профилактикалық жұмыстарға байланысты уақытша жабылды.

Сондай-ақ оқыңыз