
Қазақстан таеквондо федерациясы халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жеке жаттықтырушыларына берілетін ақшалай сыйақы көлемін жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыға 250 мың доллар, күміс жүлдегерге 50 мың доллар, қола медаль иегеріне 20 мың доллар беріледі. Ал жеке жаттықтырушыларына сәйкесінше 100 мың, 20 мың және 10 мың доллар сыйақы қарастырылған.
Ересектер арасындағы әлем чемпионаты мен Азия ойындарында алтын алған спортшыға 125 мың доллар, күміске – 10 мың, қолаға – 5 мың доллар төленеді. Бұл жарыстарда спортшылардың жеке жаттықтырушыларына сәйкесінше 50 мың, 5 мың және 2,5 мың доллар беріледі.
Ал Азия чемпионатында бірінші орын алған спортшыға 50 мың доллар, екінші орынға – 5 мың, үшінші орынға – 3 мың доллар сыйақы қарастырылған. Олардың жеке жаттықтырушыларына сәйкесінше 15 мың, 2,5 мың және 1,5 мың доллар төленеді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Азия ойындарының чемпиондарына берілетін ақшалай сыйақы көлемін едәуір арттыруды жоспарлап отырғанын жазған едік.