Шымкентте әйелін ұрып-соғып, атына несие рәсімдеген ер азамат ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
В Алматы три студентки медколледжа избили несовершеннолетнюю
фото: shutterstock

Шымкентте әйелін ұрып-соғып, атына несие рәсімдеген ер азамат ұсталды. Оның әйелі күйеуі балалардың көзінше ұрғанын айтып, видео жариялаған еді деп хабарлайды Kursiv Media.

Жарияланған видеода беті қанға боялған әйел жылап отыр. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, күйеуі әйеліне бірнеше рет күш қолданып, балағаттап, өлтіремін деп қорқытқан. Әйелдің атына 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген деген ақпарат бар.

Құқық қорғау органдары оқиға болғанын растады және күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері әйелге дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға 16 қыркүйекке қараған түні қала аумағында болғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ведомство.

Қылмыстық істің тергелу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында күйеуі балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

Сондай-ақ оқыңыз