Тараз халықаралық әуежайы авиаотынды жоғары бағамен сатып келген

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Тараз халықаралық әуежайы авиаотынды жоғары бағамен сатып келген
Тараз әуежайы авиаотынды жоғары бағамен сатып келген / фото: shutterstock

Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» халықаралық әуежайына авиаотынды жоғары бағамен сатқаны үшін 3,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен бірге 25 млн теңгеден астам монополиялық кіріс тәркіленді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Әулие-Ата» халықаралық әуежайының авиаотынды өткізу кезінде баға белгілеу мәселесі бойынша қызметін тексерді.

Тексеру кезінде әуежайдың ұшақ отынын тым қымбат бағамен сатып, заңға қайшы әрекет еткені анықталды.

«Компания авиаотынды өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды», – делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Әуежай тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспеді. Алайда сот алқасының қаулысымен тергеп-тексеру нәтижелері заңды және негізді деп танылды.

Кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 3,2 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды және монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған 25,2 млн теңге мөлшеріндегі монополиялық кіріс тәркіленді.

Бұған дейін Өскемен әуежайына авиаотын бағасын көтергені үшін 8,9 млн теңге айыппұл салынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз