
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үстел теннисін дамытуға қосқан үлесі үшін халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Петра Cёрлингті II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Қазақстанда үстел теннисінің дамуына дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке алғыс айтып, еліміз Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты ілгерілетуге айрықша мән беретінін жеткізді.
Айта кетейік, қазір 260 мыңнан астам адам осы спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Мемлекет спорт резервін даярлау және жарыстар өткізу үшін арнайы инфрақұрылымды дамыту ісін қолға алды.
Айта кетейік, 2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл Орталық Азияда осы спорт түрі бойынша өтетін алғашқы біріншілік болмақ.