Алматыдағы Бас ботаникалық бақ бір күнге жабылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Ботаникалық бақ бір күнге жабылады/фото: Делия Айдаралиева

Алматыдағы Бас ботаникалық бақ 21 қыркүйек жабық болады. Бақ әкімшілігінің хабарлауынша, бұған өндірістік қажеттілік себеп болған.

21 қыркүйекте ботаникалық бақта қосымша санитарлық күн өткізіледі. Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.

Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Кассадағы техникалық үзіліс уақыты: 15:00-15:30.

Айта кетейік, 2026 жылдың басында ботаникалық баққа кіру ақысы өсті. Ересектер үшін – 932,14 теңге, зейнеткерлер мен оқушыларға – 466,07 теңге, студенттерге 745,71 теңге болып бекітілген.

Сондай-ақ оқыңыз