«Өте дарынды жігіт»: президент Тоқаев Дастан Сатбаев туралы айтты

Жарияланды 19 Қыркүйек 2026 14:26

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны – 3 миллион еуро /фото: kursiv.media мұрағаты
Президент Дастан Сәтбаев туралы айтты/фото: kursiv.media мұрағаты

Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев саябақта жас футболшылармен әңгімелесті. Сол жерде президент қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев туралы айтқан. Видеоны журналист Әділ Балтабаев жариялады.

Видеоға сәйкес, президент жас футболшылардан «кумирің кім?» деп сұраған. Балалар «Мбаппе, Роналду, Беллингем», деп жауап берген. Сол кезде мемлекет басшысы «Дастан Сатбаев бар, өте дарынды жігіт», деген. 

Айта кетейік, лондондық «Челси» футбол клубы Дастанды «Бернлиге» бір жылға жалға берген.

Сондай-ақ оқыңыз