Бүгіннен бастап пойыз билетін 30% жеңілдікпен алуға болады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: railways.kz

Қазақстан темір жолы күзгі жеңілдік науқанын жариялады. Пойыз билеттерін 20%-дан 30%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алуға болады, деп хабарлайды KursivMedia.

Жеңілдіктер дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:

№77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Вагон түрі: купе

Жеңілдік: 20%

№9/10 «Астана – Алматы»

Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон

Жеңілдік: 30%

№67/68 «Астана – Өскемен»

Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон

Жеңілдік: 30%

№65/66 «Астана – Қызылорда»

Вагон түрі: туристік (купе)

Жеңілдік: 25%

№11/12 «Алматы – Шымкент»

Вагон түрі: туристік (купе)

Жеңілдік: 20%

№25/26 «Алматы – Шымкент»

Вагон түрі: туристік (купе)

Жеңілдік: 20%

Жеңілдік мөлшері таңдалған пойыз бен вагон түріне байланысты. Арнайы ұсыныс 19 қыркүйектен бастап дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін жоғарыда көрсетілген пойыздарға қолданылады.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы және теміржол вокзалдарының билет кассаларында сатылады. 

Айта кетейік, FlyArystan жекелеген ішкі рейстерге тариф құнынан 15% жеңілдік ұсынатын арнайы науқанды іске қосады.

Сондай-ақ оқыңыз