Тоқаев ғимарат қабырғасына граффити салатындарға шара қолдануды тапсырды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Тоқаев Қасымбекке тапсырма берді/фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғасына граффити салатын адамдарға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің қалаларында бұған жол бермеу керек, сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн.

Президент елде ондаған мың шақырым автокөлік жолы мен теміржол салынып жатқанына тоқталды. 

«Бұл жұмыс тоқтамайды, Қазақстан үлкен құрылыс алаңы, басқа сөзбен айтсақ, жасампаздық мекені болуы керек. Құрылыстың сапасы өте жоғары болуы қажет. Мен өз басым осы мәселеге баса назар аударып, бұл жұмысты қатаң бақылауда ұстаймын. Аталған нұсқау мен тиісті ережені бұзатын адамдар заңымыз бойынша міндетті түрде жазаға тартылады”, – деп Тоқаев.

Мақста – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әр азаматқа мейлінше қолайлы жағдай жасау үшін табанды еңбек ету.

«Астана – Қазақстанның айнасы, бетке ұстар басты қаласы екені сөзсіз. Қазір елордамызды жаңашыл, жасампаз азаматтардың құтты мекені деп айтсақ, қате болмайды. Астанамыздың көркі артып келе жатыр», – деді президент. 

Айта кетейік, бұған дейін Жеңіс Қасымбек соңғы жылдары Астанада 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылғанын мәлімдеді. Жыл соңына дейін 170-тен астам аула мен қоғамдық орын, соның ішінде парктер, гүлзарлар мен бульварлар ретке келтіріледі.

Сондай-ақ оқыңыз