Жапонияда жазғы Азия ойындары басталды – фото
Жарияланды

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары басталды. Ойындардың ресми ашылу салтанаты Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтіп жатыр.

ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 558 спортшы бақ сынайды. Отандастарымыз жарыс бағдарламасына енген 43 спорттың 35 түрінен жүлдеге таласады.
Тікелей эфирді мына жерден көре аласыздар.

Айта кетейік, бұған дейін Азия ойындарына барған спортшылардың арнайы круизде тұратыны айтылды.