Өрт қаупі жоғары: Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

20 қыркүйекте Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Қазгидромет мәліметінше, оңтүстік өңірлерде өрт қаупі жоғары болса, солтүстікте жаңбыр жауып, тұман түседі, деп хабарлайды Kursiv.media.
Астана – өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Алматыда кешкілік өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, күндіз жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктері) күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қонаевта кешке қарай өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қалада өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Шымкент – өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде де өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Атырау қаласында да дәл осындай жағдай.
Абай облысында да өрт қаупі жоғары, кей жерлерде өте жоғары деңгейде сақталады. Семейде де өрт шығу қаупі жоғары.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түсіп, өрт шығу қаупі жоғары болады.
Ақтөбе облысында өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында күндіз солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде, шығысы мен орталығында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Батысында, солтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз оңтүстік-батыста және таулы аудандарда желдің екпіні кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Қостанайда да түнде және таңертең тұман болады.