Тағы екі алтын: Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Азиада чемпионы атанды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Казахстанский каратист Жоламан Бигабыл победил в весовой категории до 55 кг на Азиаде-2026 и принес сборной Казахстана третью золотую медаль.
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында чемпион атанды. Осылайша, ол Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Спортшы кумитэ бағдарламасының 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда Өзбекстан өкілі Х. Халимовпен кездескен Жоламан Биғабыл қарсыласын 9:1 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Сондай-ақ каратэші Софья Берульцева Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды.

Казахстанская каратистка Софья Берульцева стала чемпионкой Азиады-2026 в весовой категории свыше 68 кг, победив в финале Маниван Бутсуван из Таиланда.
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі кумитэ бағдарламасында 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Бұл – Берульцеваның Азия ойындарындағы қатарынан екінші алтыны. Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен Азиадада да осы салмақта чемпион болған.

Софья Берульцева – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Қазақстан құрамасының жетекші каратэшілерінің бірі.

Каратэ Қазақстанның 20 өңірінде дамып келеді

Қазір WKF каратэ Қазақстанның 20 өңірінде дамытылып, бұл спорт түрімен 77 мыңнан астам адам тұрақты түрде айналысады. Олардың шамамен 25 мыңы – әйелдер.

Елімізде спортшыларды даярлауға 600-ге жуық жаттықтырушы тартылған. Олардың 140-ы ауылдық жерлерде жұмыс істейді.

Қазақстанда жыл сайын Kazakhstan Open халықаралық турнирі де өткізіледі. Жарыс жасөспірімдер мен U21 спортшылары арасында Азия және әлем чемпионаттарына іріктеу үшін маңызды рейтингтік дода саналады.

Осыған дейін велошабандоз Алексей Луценко Азиада-2026-да топ жарып, ел қоржынына тағы бір алтын салған болатын. Ол ерлер арасындағы жекелей жарыста уақыт көрсеткіші бойынша үздік атанды.

Мұның алдында қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыста алтын медаль жеңіп алған.

Ал Қазақстан құрамасына алғашқы медальді триатлоншы Арлан Жаңабай әкелді. Ол ерлер арасындағы триатлон жарысында қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ оқыңыз