Ғимараттарға сурет салуға заңмен тыйым салынуы мүмкін 

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: unsplash

Қоғамдық ғимараттарға жазу жазып, суреттер салуға заңмен тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов өткізген жиында айтылды, деп хабарлайды KursivMedia.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ғимаратқа сурет салуға қатысты заңнаманы жетілдіріп, бұл талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастыруды ұсынды.

Бұған дейін президент ғимарат қабырғасына граффити салатындарға шара қолдануды тапсырды. Содан кейін Үкіметтегі жиында мәдени мұра ескерткіштері мен табиғи нысандарды бүлдіргені үшін 11 қылмыстық іс тергелгені айтылды.

«Есірткі граффитиі деп аталатын 80 мың сурет пен жазу өшірілді. Есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін 81 қылмыстық іс қозғалды, 19 адам сотталды», – делінген ақпаратта.

Нәтижесінде премьер-министр ішкі істер министрлігіне «граффитидің» барлық түріне толық тыйым салу мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырды. 

Сондай-ақ оқыңыз