Мадина Рашидқызының қырық күндік асы берілді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Мадина Рашидқызы Меркі ауданында қайтыс болды/фото: Threads

19 жасында қайтыс болған жас келіншек Мадина Рашидқызының 40 күндік асы берілді. Бұл туралы істің басы-қасында жүрген блогер Жан Ахмадиев хабарлады.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Видеодан марқұм келіншектің анасын, істегі заңгер Инга Иманбайды байқауға болады.

Айта кетейік, қайғылы жағдай Жамбыл облысы Меркі ауданы Қызыл қыстау ауылында болған. Жас келіншектің артында он айлық баласы қалды. Бұған дейін Мадина Рашидқызының анасы жиенімен кездесе алмай жүргені айтылды.

Қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысы полициясы жас келіншектің қазасынан кейін Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, не соған ықпал ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Отбасы туралы не белгілі?

Аудан әкімдігі берген ақпаратқа сәйкес, Мадинаның күйеуі Мадияр Айтмырза 2003 жылы туған. Отбасы бұл ауылда бұрыннан тұрады. Мадиярдың ресми жұмысы жоқ, құрылысшы болып жалдамалы жұмыстарды істейді. 

Мадиярдың әкесі кісі қайтыс болған жол апатына байланысты қамауда отыр. Ал анасы ауылдағы мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді. Мадияр үйінің үлкені, үш бауыры бар. 

Сондай-ақ оқыңыз