Қыркүйектің соңғы күндері батыста, оңтүстікте ауа райы 32 градусқа дейін ысиды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Батыста, оңтүстікке 30 градус ыстық сақталып тұр
Батыста, оңтүстікке 30 градус ыстық сақталып тұр / Фото: kursiv.media архиві

Қазгидромет синоптиктері 22, 23 және 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес елдің батысында, оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталып тұрады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жаңа аптаның басында Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанады.

Бұл ретте ауа температурасы жылдың осы кезеңіне тән жайлы деңгейде болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +25…+32°С, солтүстік-батысында +20…+31°С, солтүстігінде және орталық өңірлерінде +18…+27°С, шығысында +13…+23°С, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +25…+32°С-қа дейін көтеріледі.

Бүған дейін Kursiv.Media қазан айында елде қандай ауа райы болатынын жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз