Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
kremlin.ru, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kursiv.media.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, Тоқаев Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтаған.

«Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді», – делінген хабарламада.

Қос елдің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасқан. Сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.

Мұның алдында Тоқаев Ресей президенті Путинге жеделхат жолдаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз