Алматы-Талғар тасжолын кеңейтуге 14 млрд теңге бөлінеді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Алматы Талғар тасжолын кеңейтуге 14 млрд теңге бөлінеді
Алматы Талғар тасжолын кеңейтуге 14 млрд теңге бөлінеді / фото: архив kursiv.media

Алматы-Талғар тасжолын төрт жолаққа дейін кеңейту қарастырылған. Бұл туралы Автомобиль жолдары комитетнің төрағасы Төлеген Абдулин айтты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Айтуынша, бүгінгі таңда жобаның сметалық құжаттамасы әзірленіп, бекітілді. Жобаның құны 14 миллиардты құрайды.

«Жоспар бойынша жоба 2027 жылы іске асырылады. Жобаға Қазақстан Даму Банкінен қаражатын тартылады», – деді ол.

Бұған дейін Көлік министрлігі Алматы мен Қаскелең арасындағы тасжол кеңейтіліп, 8 жолақты болатынын хабарлаған еді.

Сонымен қатар жол бойында бес көлік эстакадасы мен 12 жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салынады.

Сондай-ақ оқыңыз