Азия ойындары: Қадырбек Шынбаев Қазақстан қоржынына алтыншы алтынды алып келді

Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық жауынгер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе–жектен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Бұл – ұлттық құрама қоржынына ММА спорт түрінен түскен екінші алтын жүлде.
Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жеңіс тұғырына көтерілді.
Финалдағы сенімді жеңіс
Қадырбек Шынбаев алтын жүлде сарапқа салынған шешуші жекпе-жекте тәжікстандық спортшы Бехруз Хуршедзодамен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде отандық жауынгер қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, Азиада чемпионы атанды.
Осылайша, ММА шеберлері Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп жатыр. Бұған дейін аралас жекпе-жектен 77 келіге дейінгі салмақта Еркінғали Бүркіталин де ел қоржынына алтын медаль салған болатын.