Дастан Сәтбаев Лондонда Қазақстан жастар құрамасымен кездесті
Жарияланды

«Челси» сапында жарақатынан емделіп жатқан Дастан Сәтбаев Лондонда Қазақстан U-21 құрамасының футболшыларымен кездесті деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қазақстан жастар құрамасы Англия астанасына алдағы матчқа дайындалу үшін барған. 25 қыркүйекте отандастарымыз Англия жастар құрамасына қарсы алаңға шығады.
Ал Сәтбаев қазір «Челсидің» қарамағында күш жинап жатыр.
Бұған дейін Тоқаев Дастан Сәтбаев туралы пікір білдірген еді.