Дрон жүргізушілер ең жиі жасайтын қателіктерді анықтады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Погранслужба СКО предупредила жителей о военных дронах над Казахстаном
фото: shutterstock

Қазақстанда полиция жолдағы тәртіпті бақылау үшін дрондарды белсенді қолдана бастады. Оның көмегімен жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзған 20 мың жағдайды анықтады деп хабарлайды Kursiv Media.

Дрондар жол қозғалысын әуеден бақылап, құқық бұзушылықты тіркеп, ақпаратты полицияға жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

Құзырлы органдар дерегінше, көбінде жүргізушілер қауіпсіздігін белдігін тағуды ұмыт қалдырады немесе қажет деп таппайды. 8 айда белдік тақпаған 3198 жағдай тіркелді.

Жүргізушілердің жиі жасайтын тағы бір қателігі – рөлде отырып ұялы телефон пайдалану (2055) және қарсы қозғалыс жолағына шығу (1678). Одан бөлек маневр жасау ережесін бұзған (1207) және көлікті басып озғанда ережені сақтамау (771) деген заң бұзушылықтар да жиі кездеседі.

Тағы 87 жүргізуші мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған. Бұдан бөлек жол қозғалысы ережелерінің басқа да талаптарын бұзудың 9 мыңнан астам дерегі тіркелді.

Ішкі істер министрлігі дрондарды пайдалану полицияға жолдағы жағдайды тиімді бақылап, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Абай облысында дрондар белдік тақпаған 26 мың жүргізушіні анықтады

Сондай-ақ оқыңыз