Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымының түрмедегі жазасы қысқарды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хи / фото: JUNG YEON-JE/Pool via REUTERS
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымының түрмедегі жазасы қысқарды / фото: JUNG YEON-JE/Pool via REUTERS

Оңтүстік Кореяның апелляциялық соты елдің бұрынғы бірінші ханымы Ким Кон Хиге қатысты үкімді қайта қарап, бас бостандығынан айыру мерзімін жеті жылдан бес жылға қысқартты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ол қызметке тағайындауға және іскерлік мәселелерді шешуге ықпал ету үшін қымбат сыйлықтар алғаны үшін сотталған. Сеулдің Жоғарғы соты бірінші сатыдағы соттың Ким Кон Хиге тағайындаған жеті жылдық жазасын ішінара өзгертті. Апелляциялық сот арнайы прокурор Мин Чжун Ги тағылған кейбір айыптар бойынша бұрынғы бірінші ханымды ақтады.

Арнайы прокурорлар Ким Кон Хи 2022 жылғы наурыз-мамыр аралығында құрылыс компаниясының басшысынан жалпы құны 100 миллион воннан (шамамен 73 мың доллар) асатын зергерлік бұйымдар алғанын мәлімдеген. Сыйлықтар кәсіпкердің күйеу баласын мемлекеттік қызметке тағайындауға ықпал ету үшін берілген деген айып тағылған.

Сонымен қатар, оған 2022 жылдың сәуірінде Ұлттық білім комиссиясының бұрынғы басшысынан алтын тасбақа мүсіншесі мен картинаның көшірмесін алған деген айып тағылды. Сол жылы пастордан Dior сөмкесін, ал басқа кәсіпкерден Vacheron Constantin сағатын алғаны да іс материалдарына енген.

Бұдан бөлек, Ким Кон Хи 2023 жылдың ақпанында бұрынғы прокурордан танымал суретші Ли Уфанның картинасын алған. Тергеу мәліметінше, бұл оның сайлауға кандидат ретінде ұсынылуына көмектесу үшін берілген.

2026 жылғы маусымда Сеул соты Ким Кон Хиді тағылған айыптардың барлығы бойынша кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырған еді.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль де елде әскери жағдай енгізуге әрекет жасады деген іс бойынша қамауда отыр. Оған қатысты сегіз қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ оқыңыз