Рудныйда әйел бесінші қабаттан дәмхананың үстіне құлады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: видеодан кадр

Қостанай облысының Рудный қаласында әйел бесінші қабаттағы терезеден құлап, үйге жапсарлас орналасқан дәмхананың шатырына түсті деп хабарлайды Kursiv Media.

Хабарлама облыстық «112» пультіне түскен. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті.

Құтқарушылар арнайы арқан мен зембілдің көмегімен әйелді шатырдан абайлап түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқыс жағдай болған кезде 112 нөміріне дереу хабарласуды ескертеді.

Оқи отырыңыз: Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала жатқан арбаның үстіне құлаған

Сондай-ақ оқыңыз