Семейде көлік жуу орнында өрт шығып, газгольдер жарылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Семейде көлік жуу орнында өрт шығып, газгольдер жарылды / Фото: ТЖМ

Семейде Сосновая көшесінде көлік жуу орнында ірі өрт шықты. Жалын жүк көлігі мен екі жеке үйге де тараған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратына сүйенсек, өрт салдарынан көлік жуу орнының ғимараты толықтай жалынға оранған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін оқиға орнында газгольдер жарылған.

«Өрт жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үйді де шарпығаны анықталды. Қазір өрттің аумағы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында өрт сөндіру үшін су үздіксіз беріліп жатыр. Құтқару жұмыстарына тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру үшін жедел штаб құрылған.

Семей тұрғындарының айтуынша, жарылыс дауысы оқиға болған аумақтан алыс жерлерден де естілген.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін БҚО-да дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз