Алматыда «Көктөбе» таулы саябағы бір күнге толықтай жабылады
Жарияланды

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын Көктөбе аумағы бір күнге жабық болатынын ескертті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Әкімдіктің мәліметіне қарағанда, 25 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 17:00-ге дейін Көктөбе аумағы келушілер үшін толықтай жабық болады.
«Осы уақыт аралығында аспалы жолдың жұмысы тоқтатылады, автокөлік қозғалысына шектеу қойылады, сонымен қатар жүргіншілер бағыттары мен соқпақтарына кіруге болмайды», – деп ескертті әкімдік.
Қала тұрғындары мен қонақтарына бағытын алдын ала жоспарлап, аталған шектеуді ескеру ұсынылды.
Бұған дейін Kursiv.Media Көктөбе маңында жаңа саябақ ашылғанын жазған еді. Тұрғындар мен қала қонақтары ол маңда серуен құрып, Алматы мен Іле Алатауы сұлулығын тамашалап жүр.