Семейде 19 жастағы бойжеткен бұрынғы жігітінің қолынан қаза тапты

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Семейде 19 жастағы бойжеткенді бұрыңғы жігіті пышақтап кетті
Семейде 19 жастағы бойжеткенді бұрынғы жігіті пышақтап кетті / фото ЖИ көмегімен жасалды

Семейде 19 жастағы бойжеткенді бұрынғы жігіті пышақтап, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Қыз алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оқиға Водный кентінде болған. Жергілікті тұрғындар қыздың айғайлаған дауысын естіп, үйлерінен шыққан. Кейін ауыр жарақат алған бойжеткенді тапқан. Тұрғындар жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Ал күдікті оқиға орнынан бой тасалаған. Куәгерлердің айтуынша, ол шарбақтан секіріп өтіп, қашып кеткен. Кейіннен күдікті ұсталды.

«21 қыркүйекте кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталып, ұсталды. Ол ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады өңірлік Полиция департаменті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен қаза тапқан бойжеткен бір-бірін таныған.

Бойжеткеннің туыстарының айтуынша, қыз жігітке келісімін бермегеннен кейін шабуыл жасалған, әрі оның барлығы інісінің көз алдында болған.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас жағдай 2026 жылдың 11 қаңтарында болған. Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайға бұрын сөйлескен жігіті 35 рет пышақ жарақатын салған. Күдікті Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды. Кұдікті адвокаты үкімге шағып түсіріп, апелляциялық сот 24 қыркүйекке белгіленген.

Сондай-ақ оқыңыз