Семейден Астанаға сәби шұғыл түрде ұшақпен жеткізілді
Жарияланды

Семейден Астанаға шұғыл медициналық көмекке мұқтаж бала санитарлық авиация ұшағымен жеткізілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлауынша, 2026 жылы туған бала L-410 ұшағымен тасымалданған. Әуе кемесі «Қазавиаспас» авиакомпаниясына тиесілі.
Санитарлық рейс Семей – Астана – Семей бағыты бойынша орындалды. Ұшу штаттық режимде өткен.
Рейс кезінде санитарлық авиацияның медициналық бригадасы баланың жағдайын үздіксіз бақылап, қажетті медициналық сүйемелдеу көрсетті.
ТЖМ мәліметінше, ведомство авиациясы науқастарды жедел тасымалдау үшін санитарлық рейстерді тұрақты түрде орындайды.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда құтқарушылар 3,5 мың метр биіктікте қалған ресейліктерді эвакуациялаған еді.