Шымкентте жыл сайын 30 мыңнан астам сәби дүниеге келіп, перзентхана жетіспей жатыр

Шымкент қаласында жыл сайын 30 мыңнан астам сәби дүниеге келеді, бұл қалалық инфрақұрылымға салмақ түсіреді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкентте халық саны артқан сайын перзентханалар жетіспей жатыр.
Бүгінде 4 медициналық ұйым босануға көмек көрсетеді.
Сондықтан 200 төсек-орынды жаңа перинаталды орталық салынып жатыр. Оның сыйымдылығы, жылына 7 мыңға дейін жүкті әйелді босануға қабылдай алады.
«Жаңа орталық Ақжайық шағынауданында салынып жатыр. Ол төсек-орын қорын көбейтуге, жұмыс істеп тұрған клиникаларға түсетін салмақты азайтуға және аналар мен жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін мамандандырылған көмек түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді», – делінген үкіметтің ақпаратында.
Мұнымен қатар, 800-1000-ға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Өйткені, жаңа инфрақұрылым Шымкенттің өсу ауқымы мен қарқынына сай болуға тиіс.
Айта кететін жайт, Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровқа Алматы мен Шымкентте зауыт салуды тапсырған болатын.